СПОРТ
15-17 қазан аралығында Астанада жүзуден Әлем кубогының финалдық кезеңі өтеді. Халықаралық дода «Барыс Арена» бассейнінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: DepositPhotos
Астана алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңін қабылдайды. Жарыстың шешуші кезеңі 15-17 қазан күндері елордадағы «Барыс Арена» бассейнінде өтеді.
2026 жылы World Aquatics Әлем кубогының үш кезеңін Silk Road Tour атты халықаралық серияға біріктірді. Жарыстың алғашқы кезеңі Бакуде, екіншісі Ташкентте ұйымдастырылса, қорытынды бәсекелер Астанада өтеді.
Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 750-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен әлемдік рекорд иелері бар.
Спортшылар бірнеше жүзу бағдарламасы бойынша бақ сынап, Silk Road Tour аясындағы қорытынды ұпайларын толықтырады. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша үздік спортшылар анықталады.
Silk Road Tour жалпы рейтингі Астанадағы жарыс аяқталғаннан кейін шығарылады. Бұл елордадағы жарыстың халықаралық сериядағы маңызын арттырады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61