САЯСАТ

Олжас Бектенов Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастықты талқылады

Олжас Бектенов Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кеден саласын цифрландыру және транзиттік әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ukimet

Кездесуде кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері қаралды.

Премьер-министр трансконтиненттік сауданың тұрақты жұмыс істеуі Қазақстан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін ДКҰ тәжірибесімен үйлестіру кеден рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Иэн Сондерс Қазақстанның кеден саласындағы реформаларын жоғары бағалап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы елдің рөлін атап өтті.

Биылғы жеті айда ТХКБ арқылы шамамен 350 мың тонна жүк тасымалданып, 24 мың көлік құралы қатынаған. Транзиттік тауарлардың жалпы көлемі 14,6 млн тоннаға жетті.

Кездесу соңында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61