ДАМУ

Шымкенттен Сингапурға рейстер ашылады

20 қазаннан бастап Шымкенттен Сингапурға аптасына екі рет рейс қатынайды. Ұшуды SCAT әуе компаниясы орындайды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: scat.kz

Шымкент пен Сингапур арасында жаңа әуе бағыты іске қосылады. Рейстерді SCAT әуе компаниясы аптасына екі рет орындайды.

Жаңа бағыттың ерекшелігі – әуе кемесі Қытай аумағы арқылы транзитпен ұшады. Бұл ретте әуе тасымалдаушы бесінші дәрежелі әуе еркіндігі құқығын пайдаланады.

Тиісті ведомство мәліметінше, Қазақстанда халықаралық әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жаңа бағыттың ашылуы Шымкенттің халықаралық көлік байланысын күшейтіп, Қазақстан мен Сингапур арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61