ДЕНСАУЛЫҚ
Алматыда магнит жұтып қойған үш балаға шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер олардың асқазан-ішек жолынан ондаған магнит алып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда бір күн ішінде магнит жұтып қойған үш бала ауруханаға жеткізілген. Олардың жасы екі мен төрт жас аралығында.
Екі жастағы баланың асқазанынан 25 магнит алынған. Бөгде заттар асқазан қабырғасын тесіп кеткен.
Тағы бір баланың ішегінен 9 магнит шығарылды. Баланың жағдайы асқынып, перитонит дамыған.
Ең күрделі жағдай төрт жасқа толмаған балада тіркелді. Операция кезінде оның жіңішке ішегінен 59 магнит алынды. Магниттер ішек қабырғасын зақымдап, тесіп үлгерген.
Дәрігерлер ата-аналарды балалардың ұсақ заттармен ойнауына мұқият бақылау жасауға шақырады. Бірнеше магнитті қатар жұту ішектің қысылуына, қабырғасының зақымдалуына және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61