ҚОҒАМ
Қазақстандықтардың 79%-ы жас отбасылардың ата-анасынан бөлек тұрғанын қолдайды. Бұл туралы әлеуметтік зерттеу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Жасанды интеллект
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік сауалнамада отбасы мен жас жұбайлардың дербестігіне қатысты азаматтардың пікірі зерттелді.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 79%-ы жас отбасының ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп санайды. Бұл көрсеткіш қазақстандық қоғамда жас отбасылардың жеке шаңырақ құруына қолдау бар екенін көрсетеді.
Сонымен бірге сауалнамаға қатысушылардың 91,5%-ы ата-ананың көмегін маңызды әрі пайдалы деп бағалаған. Яғни жас отбасының жеке тұруы ата-анамен қарым-қатынасты және олардың қолдауын сақтауға кедергі емес.
Сарапшылардың пікірінше, жеке тұру жас жұбайлардың тұрмыстық және қаржылық жауапкершілігін арттырып, отбасылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді. Ал ата-ананың қолдауы жас отбасы үшін әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан маңызды ресурс болып қала береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61