ҚОҒАМ

Қазақстанда 206 шақырым канал жаңартылды

Қазақстанда жыл басынан бері 206,19 шақырым канал реконструкцияланып, жаңғыртылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 900 шақырымнан асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жыл басынан бері 206,19 шақырым канал жаңартылды.

Жыл соңына дейін 900 шақырымнан астам каналды реконструкциялау және жаңғырту көзделген. Бұл жұмыстар суару жүйелерінің тиімділігін арттырып, су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған.

Сондай-ақ жыл соңына дейін 142 ауылдық елді мекенді қамтитын 12 сумен жабдықтау жобасын іске қосу жоспарланған. Жобалар жүзеге асқаннан кейін шамамен 540 мың тұрғын таза ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы 321 елді мекенде сумен жабдықтау нысандарын салу және жаңғыртуға бағытталған 22 жоба аяқталды. Нәтижесінде атқарылған жұмыстар 1 миллионға жуық адамды қамтыды.

Су инфрақұрылымын жаңарту ауылдық елді мекендерді тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге және өңірлердегі су ресурстарын басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61