ҚОҒАМ
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт істен шығып, бірнеше қабат төмен түскен. Оқиға туралы тұрғын әлеуметтік желіде айтып, қызмет көрсету сапасына қатысты шағымын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға туралы Threads желісінде molya.2211 есімді қолданушы жазды. Оның айтуынша, лифт кенеттен үш қабат төмен қарай құлап, кейін электр қуаты толық сөніп қалған. Кабинадағы жарық өшіп, басқару батырмалары да жұмыс істемеген.
Тұрғын болған жағдайдан қатты қорыққанын айтып, бірнеше минут бойы өміріне қауіп төнді деп ойлағанын жеткізді.
Желі қолданушысының мәліметінше, бұл Bl Group компаниясына қатысты лифт мәселесі жөніндегі алғашқы шағым емес. Бұған дейін де компания салған тұрғын үй кешендеріндегі лифттердің жұмысы мен сервистік қызметтердің әрекет ету жылдамдығына қатысты тұрғындар тарапынан наразылық айтылған.
Лифт жабдықтарының қауіпсіздігіне байланысты мәселелер бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген. Атап айтқанда, Zakon.kz, 24.kz және KTK.kz порталдары тұрғындардың лифттердің қауіпті жұмысына қатысты шағымдарын жариялаған.
Ал 365info.kz басылымы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның ақаулы лифт ішінде шамамен бір жарым сағатқа қамалып қалғаны туралы жазған.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша компания тарапынан ресми түсініктеме берілгені туралы ақпарат жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61