Спорт
Сенсациялық ойын
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЧемпиондар лигасы жартылай финал аясындағы жауапты ойындар сенсациямен басталды. Алғашқы матчта 3:0 есебімен жеңіліс тапқан "Ливерпуль" өз алаңында "Барселонаға" жауапсыз 4 гол соғып, финалға жолдама алды.
7 минутта Ориги есепті ашқан болса, 54 және 56 минуттарда алаңға тыңнан кірген Вейналдум есепті еселей түсті. "Ливерпульді" финалға алып шыққан голды 79 минутта Ориги соқты.
Ливерпуль (Англия) – Барселона (Испания) 4:0