ҚОҒАМ

Астанада LRT-мен 8 млн-нан астам жолаушы жүрді

Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері 8 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Қазір LRT тәулігіне орта есеппен 73 мың адам тасымалдайды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: «City Transportation Systems»

Астанада LRT жүйесін пайдаланатын жолаушылар саны артып келеді. Қаладағы жеңіл рельсті көлік іске қосылғаннан бері оның қызметіне 8 млн-нан астам адам жүгінген.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, қазіргі таңда LRT тәулігіне орта есеппен 73 мың жолаушы тасымалдайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 10 млн адамнан асуы ықтимал.

LRT желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Бағыт Астана халықаралық әуежайын «Нұрлы жол» теміржол вокзалымен байланыстырады. Жоба аясында 18 станция жұмыс істейді.

Жеңіл рельсті көлік құрамында 15 вагон бар. Бір бағыт бойынша толық айналымға кететін уақыт шамамен 95 минутты құрайды.

LRT елорданың көлік инфрақұрылымындағы маңызды жобалардың біріне айналды. Ол әуежай, қала орталығы және теміржол вокзалы арасындағы қатынасты жеңілдетуге бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61