ҚОҒАМ

Қазақстан мен Әзербайжан жолаушылар паромын қайта іске қоспақ

Қазақстан мен Әзербайжан Құрық–Баку–Құрық бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қайта жандандыру мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымалын қайта бастауға ниетті. Тараптар Құрық–Баку–Құрық бағыты бойынша паром қатынасын жандандыру мәселесін қарастырып жатыр.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байелдің мәліметінше, аталған бағыт 2020 жылға дейін тұрақты түрде жұмыс істеген. COVID-19 пандемиясының басталуына байланысты паром қатынасы тоқтатылды.

Пандемияға дейін бұл көлік бағытын жыл сайын шамамен 1500 жолаушы пайдаланған.

Қазақстан тарапының ұсынысын Әзербайжан билігі қолдаған. Қазір екі елдің көлік саласына жауапты мемлекеттік органдары паром қатынасын қайта іске қосу тетіктерін талқылап, қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Құрық–Баку бағыты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік байланысын дамытуда маңызды рөл атқарады. Аталған теңіз бағыты Каспий арқылы жүк тасымалымен қатар, екі ел арасындағы жолаушылар қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жолаушылар паромының қайта іске қосылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристік және іскерлік байланыстардың кеңеюіне де ықпал етуі мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61