САЯСАТ
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуін заңнамалық деңгейде шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: QURYLTAI
«Әділет» партиясының фракция мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа шектеулер енгізуді ұсынды.
Депутаттың пікірінше, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуына заң арқылы тосқауыл қою қажет. Оның айтуынша, бұл мәселе балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.
Әшімжанов Үкімет басшысына жолдаған сауалында тиісті заңнамалық тетіктерді қарастыруды сұрады.
Ұсыныс қабылданған жағдайда әлеуметтік желі платформаларына 16 жасқа толмаған қолданушылардың тіркелуін шектеу бойынша талаптар енгізілуі мүмкін. Бұл үшін жас ерекшелігін анықтау және талаптардың орындалуын бақылау тетіктерін әзірлеу қажет.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61