САЯСАТ

Тоқаев қаржы секторына қатысты бірқатар міндет жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдап, қаржы секторындағы биылғы жұмыстың нәтижелерін талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысына қаржы нарығын реттеу мен дамыту бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңдегі басым міндеттер туралы баяндалды.

Кездесу барысында Мәдина Әбілқасымова банктер туралы жаңа заңды жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілердің толық жаңартылғанын жеткізді. Оның мәліметінше, осы бағытта 80 нормативтік-құқықтық акт қабылданған.

Агенттік басшысы капитал және сақтандыру нарықтарын дамытуға қатысты жұмыстардың барысын да таныстырды. Атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі даму бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ «Капитал нарығы туралы» және «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобаларын дайындау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Бұдан бөлек, қаржы секторын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында Президент қаржылық тұрақтылықты сақтауға басымдық беруді тапсырды. Мемлекет басшысы қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, экономиканың нақты секторына берілетін кредит көлемін ұлғайту, капитал және сақтандыру нарықтарын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61