САЯСАТ

Құрылтайдағы жаңа тәртіп: депутаттарға сұрақ қою қиындай түсті

Бүгін Құрылтайдың отырысы өтеді. Жаңа жұмыс тәртібіне байланысты журналистер депутаттарға бұрынғыдай кулуарда еркін сұрақ қоя алмайды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін Құрылтайдың кезекті отырысы өтеді. Жиын қарсаңында журналистер депутаттармен сөйлесіп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алуға тырысты.

Бұған дейін тілшілер депутаттарды кулуарда еркін тоқтатып, түрлі мәселелер бойынша пікір сұрай алатын. Қазір Құрылтайдың журналистермен жұмыс форматына өзгерістер енгізіліп, депутаттарға сұрақ қою мүмкіндігі шектелген.

Осыған байланысты тілшілер Құрылтай ғимаратының сыртында депутаттарды күтіп, сауалдарын қоюға тырысты.

Журналистерді қызықтырған негізгі мәселе – Құрылтайдың БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуінің жаңа регламенті. Депутаттардың әрқайсысына жолығып, пікір алу қиындағанын тілшілер «Республика» партиясының мүшесі Олжас Құспековке жеткізді.

Ол жаңа тәртіпті қолдайтынын айтты. Депутат өзге партия өкілдерінің ұстанымы үшін жауап бере алмайтынын, ал өзі журналистермен әрдайым ашық сөйлесуге дайын екенін атап өтті.

Жаңа регламенттің нақты қандай себеппен енгізілгені және оның журналистердің депутаттармен коммуникациясына қалай әсер ететіні алдағы уақытта талқылануы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61