Спорт

Чемпиондар лигасы. Клопп шәкірттері финалда

«Барселона» екінші жыл қатарынан финалға өте алмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар лигасының жартылай финалының «Ливерпуль» мен «Барселона» арасындағы қарымта ойын сенсациялық нәтижемен аяқталды.

Камп-Ноуда өткен алғашқы ойында «Барселона» 3:0 есебімен жеңіп, «Ливерпульдің» финалға өту мүмкіндігін жоқ қылып жібергендей болды.

Сонымен қоса, Ағылшын премьер лигасының соңғы ойынында, «Ливерпуль» сапындағы ең пайдалы ойыншылары Мохаммед Салах пен Роберто Фирмино жарақат алып, қарымта ойынға қатыспады. Олардың орнына Юрген Клопп, Джердан Шачири мен Дивок Ориджиді шығарды.

Ойын өте қарқынды басталды. «Қызылдар» өздеріне тез гол соғу қажет екенін білетін және сол мақсаттарын жүзеге асырды. 7 минутта Джордан Хендерсонның соққысынан кейін, Тер Штеген допты қайтарғанмен, қарымта соққымен Ориджи есеп ашты.

Екінші таймда Эндрю Робертсонның орнына Жоржиньо Вейналдум шығып, ойын қаһармандарының бірі атанды. Бар жоғы 2 минут ішінде, ол екі гол салып, «Ливерпульге» үміт сыйлады.

Ал ойынның 79 минутында, Трент Александр-Арнольд, бәрін алдап, бұрыштаманы орындамайтындай болып, кетіп бара жатып, қайта оралды да, айып алаңына пас жасады. Айып алаңына атып шыққан Дивок Ориджи, гол салып, дубль иесі атанды.

Ойын барысында «Барселонада» гол салуға талай мүмкіндік болғанымен, бұл кеште олардың жұлдызы жанбады. Қорытынды есеп 4:0, «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалында.

– «Барселона» екінші жыл қатарынан бірінші ойында ұтып, екінші ойын нәтижесі бойынша финалға өте алмады;

– «Ливерпуль» екінші жыл қатарынан финалға шықты.