ҚОҒАМ

Қазақстанда АИ-95 орнына АИ-92 сатылғаны анықталды

Қызылорда облысында АИ-95 маркасымен АИ-92 бензині сатылғаны анықталды. Депутат сапасыз жанармайдан көлігі зақымданған азаматтардың шығынын өтеуді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: PromPortal.su

Қазақстанда жанармай сапасына қатысты бақылауды күшейту ұсынылды. Бұл мәселені депутат Асхат Рахимжанов көтерді.

Депутаттың айтуынша, жүргізілген тексеру барысында Қызылорда облысындағы жанармай құю стансаларының бірінде АИ-95 ретінде АИ-92 маркалы бензин сатылғаны белгілі болған.

Асхат Рахимжановтың пікірінше, мұндай жағдай тұтынушылардың құқығына нұқсан келтіріп қана қоймай, көлік құралдарының техникалық ақауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты сапасыз немесе сәйкес келмейтін жанармай салдарынан көлігі бұзылған азаматтардың жөндеу шығынын өтеу тетігін қарастыру қажет.

Сонымен қатар депутат жанармайдың әр партиясын өндіруші зауыттан бастап жанармай құю стансасына дейін цифрлық жүйе арқылы бақылауды ұсынды.

Оның ұсынысы бойынша, жанармайдың шығу тегі мен зертханалық тексеру нәтижелері QR-код арқылы тұтынушыға қолжетімді болуы керек. Бұл сатып алушыға өнімнің қайдан келгенін және сапа талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді.

Мұндай жүйе жанармай нарығындағы ашықтықты арттырып, сапасыз өнімді анықтауды жеңілдетуге бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61