ҚОҒАМ
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Некелердің басым бөлігі жаз айларында қиылған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда жыл басынан бері ондаған мың жұп некесін заңдастырды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ел бойынша 74 648 неке тіркелген.
Неке қию көрсеткіші жаз айларында айтарлықтай артқан. Жалпы тіркелген некелердің жартысынан астамы маусым, шілде және тамыз айларына тиесілі.
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 51,7 мың неке тіркелген. Бұл кезеңде 22,5 мың ажырасу рәсімделген.
Некеге тұру көрсеткіші өңірлер арасында да ерекшеленеді. Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы қорытындысында неке қиюдың жалпы коэффициенті бойынша Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда болған.
2026 жылдың толық қорытындысы жыл соңында белгілі болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61