СПОРТ

Қазақстанда 228 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысады

Қазақстанда 4-17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысып жүр. Елде балалар спортына арналған инфрақұрылым да кеңейіп келеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 228 мыңнан астам бала еліміздегі 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады.

Сонымен қатар Қазақстанда 526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 400 мыңға жуық бала спортпен тұрақты айналысады.

Елімізде жалпы саны 26,5 мың спорт нысаны бар. 2026 жылы 34 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның 21-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 87 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылы Қазақ ұлттық спорт университеті ашылды. Оқу орнында «Жаттықтырушылық қызмет» және «Спорт ғылымдары» бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

Университетте спорттық медицина және оңалту, спорт журналистикасы, менеджмент, спорт саласындағы жасанды интеллект пен аналитика, киберспорт сияқты бағыттар бойынша білім беру жоспарланған.

Қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері де жоғары. Жыл басынан бері отандық спортшылар 11 әлем чемпионаты мен 26 Азия чемпионатына қатысып, жалпы 99 алтын, 33 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61