СПОРТ

Ақтөбеде жаңа футбол стадионының құрылысына 6,5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбеде сыйымдылығы 35 мың көрерменге дейін жететін жаңа футбол стадионы салынып жатыр. Нысан құрылысының биылғы кезеңіне Үкімет резервінен 6,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың футболды дамыту және өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы басталды.

Үкімет резервінен нысанның бірінші кезеңіне 6,5 млрд теңге бағытталды. Заманауи арена қаланың батыс бөлігіндегі 25 гектар аумақта орналасады. Стадион 35 мыңға дейін көрермен қабылдай алады.

Жоба УЕФА-ның 4-деңгей талаптарына сай әзірленген. Жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт ғимаратында футбол алаңынан бөлек, командалар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың қыркүйегінде аяқтап, нысанды пайдалануға беру көзделген.

Жаңа стадионның қажеттілігі Ақтөбедегі футболға деген жоғары қызығушылықпен де байланысты. Қазіргі орталық стадион 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге арналған. «Ақтөбе» футбол клубының матчтарына сұраныс жоғары болғандықтан, кей кездері ойынға барғысы келетін жанкүйерлер саны қолданыстағы аренаның сыйымдылығынан бірнеше есе асып түседі.

Жаңа арена көрермендер санын арттырумен қатар, халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын және ірі спорттық, мәдени әрі қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61