САЯСАТ

Құрылтай депутаттары айына қанша жалақы алады?

Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Жалақы көлемі депутаттың еңбек өтіліне байланысты есептеледі, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: KazTag

Құрылтай депутаттарының еңбекақысы қанша? Бұл сұраққа Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жауап берді.

Оның айтуынша, депутаттардың ай сайынғы жалақысы 600 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Еңбекақы мөлшерін есептеу кезінде депутаттың еңбек өтілі де ескеріледі.

Дания Еспаева депутаттардың қызметін тек мінберде сөйлеген сөздері немесе жолдаған депутаттық сауалдарының санымен бағалауға болмайтынын атап өтті. Депутат бірнеше ай бойы мінберден сауал жолдамаған жағдайда да, бұл оның жұмыс істемей отырғанын білдірмейді.

Құрылтай мүшелері заңнамалық жұмыстарға, кездесулерге, азаматтардың өтініштерін қарауға және түрлі мәселелер бойынша жұмыс жүргізуге қатысады.

Айта кетейік, Құрылтай құрамында 145 депутат бар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61