МӘДЕНИЕТ

«Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығын біріктіру көзделіп отыр - А.Қырықбаев*

Қазақ киносы күніне арналған құттықтауында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын біріктіру алдағы маңызды қадам екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:Brod.kz

Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақфильмге» тікелей мемлекеттік қолдау қайта қолға алынған. Ендігі міндет — басталған өзгерістердің нәтижесін қамтамасыз етіп, кино саласының өндірістік әрі шығармашылық негізін нығайту.

Арман Қырықбаев жеке кинокомпаниялардың мүмкіндігін кеңейту және мазмұны терең фильмдердің жарыққа шығуына жағдай жасау да министрлік назарында екенін атап өтті.

Оның құттықтауында отандық фильмдер туралы көрсеткіштер де келтірілген: 2024 жылы 94 фильм түсіріліп, прокатқа шықса, 2025 жылы отандық прокатқа 103 туынды жол тартқан.

Министр қазақ киносының алтын қорын цифрландыру мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Биыл көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Оның мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген.

«Мұндай фильмдер көрермен жүрегінен орын алып, Қазақстанды әлемге лайықты танытуы тиіс», — деді министр жаңа туындыларға қойылатын мақсат туралы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61