САЯСАТ

Трамп Зеленскийді Ресейдегі дизель инфрақұрылымына соққы беруді тоқтатуға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге Ресейдің дизель отынын өндіру және жеткізу нысандарына жасалатын шабуылдарды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: AP Photo

Трамптың сөзінше, Украина әскерінің Ресейдегі мұнай өңдеу және дизель инфрақұрылымына жасаған соққылары әлемдік нарықтағы отын тапшылығын күшейтіп отыр. АҚШ президенті бұл мәселені Зеленскиймен талқылағанын айтты. 

«Басқа да көптеген нысана бар. Дизельге соққы жасамаңыз», – деді Трамп журналистерге.

АҚШ президенті әлемдегі дизель тапшылығын тек Таяу Шығыстағы жағдаймен байланыстыруға болмайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, Ресейдің мұнай өңдеу инфрақұрылымына жасалған украиналық шабуылдар да отын нарығына қысым түсіріп отыр. 

Соңғы уақытта Украина Ресейдің мұнай-газ секторындағы нысандарға дрондар арқылы бірнеше рет шабуыл жасады. Киев бұл соққыларды Ресейдің әскери әлеуетін әлсірету және соғысты қаржыландыратын энергетикалық кірістерін азайту мақсатымен түсіндіреді.

Трамптың мәлімдемесі әлемдік дизель нарығында бағаның өсуі байқалып отырған кезеңде айтылды. АҚШ-та дизель бағасы алғаш рет галлонына 6 доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Сарапшылар жанармай нарығына Ресейдегі жағдаймен қатар Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен мұнай жеткізілімдеріндегі үзілістер де әсер етіп отырғанын атап өтеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61