ҚОҒАМ
Таиландта бірқатар ел азаматтарына қатысты визасыз жүру тәртібі өзгерді. Енді қазақстандықтар ел аумағында визасыз 60 емес, 30 күнге дейін бола алады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Polisia.kz
Таиланд билігі бірнеше мемлекет азаматтары үшін визасыз болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады. Өзгерістер Қазақстан азаматтарына да қатысты.
Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің мәліметінше, жаңа талап 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үшін Таиландта визасыз болу мерзімі 60 күннен 30 күнге дейін қысқарады.
Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстан азаматтары ұлттық паспортымен Таиланд аумағында визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Сонымен қатар әрбір 180 күндік кезең ішінде елде жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.
Егер Таиландта 30 күннен ұзақ уақыт қалу қажет болса, азаматтар сапарға дейін тиісті виза рәсімдеуі керек.
Өзгеріс Таиланд Үкіметінің шешімі негізінде енгізіліп отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61