САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Акорда
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Серджио Гор кездесудің басында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жылы лебізі үшін алғыс айтып, АҚШ Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америкалық стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттармен толықтырып, нақты жобалар арқылы нығайтудың маңызды екенін айтты.
– Қазір Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жатырмын. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік береді. Өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда нақты нәтижеге бағытталған жұмысқа басымдық береміз, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесуде халықаралық күн тәртібі мен Орталық Азиядағы ахуалға қатысты мәселелер де сөз болды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және саяси байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.
Серджио Гордың бұл қызметі АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен байланысын күшейтуге бағытталған дипломатиялық жұмыстардың бір бөлігі саналады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61