САЯСАТ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке тағайындалды. Ол 2026-2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына кірді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ҚР ҰОК
Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымындағы жаңа лауазымға сайланды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан Халықаралық спорт қауымдастықтары альянсының (ISSA) 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылған.
Жиын қорытындысы бойынша Геннадий Головкин 2026-2029 жылдарға арналған ISSA Атқарушы комитетінің вице-президенті болып сайланды. Ол Азия және Еуропа өңірлеріне жауап береді.
Жаңа қызметінде Головкин аталған өңірлердегі Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің атынан ISSA жұмысына қатысады. Оның міндеттерінің қатарында ұйымның алдағы жұмыс бағыттарын айқындау, Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге қолдау көрсету және спортшыларға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бар.
Қазақстандық спортшы ISSA-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен байланысты нығайтуға атсалысады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61