ДАМУ

Қазақстанда мыс нарығында жаңа өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанда мыс концентратын өңдеу тарифін белгілеудің жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр. Құжат отандық мыс өңдеу кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірісті жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kazakh Invest

Қазақстанда мыс нарығына қатысты жаңа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мыс концентратын өңдеу тарифін анықтау әдістемесін әзірлеу туралы жоба жариялады.

Ведомство ұсынған құжат «Мыс концентратын өңдеу тарифін анықтау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына қатысты. Әдістеме Қазақстанда минералдық шикізатты терең өңдеуді дамытуға жағдай жасауды көздейді.

Құжатта отандық өңдеу кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың өндірістік қуатын жаңғырту және дамыту мәселелеріне басымдық берілген.

Жаңа тәсіл мыс концентратын өндіретін компаниялар мен оны өңдейтін кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастарға әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, жаңа мыс балқыту зауыттарын салуға қажетті шығындарды тау-кен өндіруші компанияларға жүктеу мәселесі қарастырылып отыр.

Бұл бастама Қазақстандағы мыс шикізатын ішкі нарықта барынша терең өңдеуге және дайын өнім өндірісін арттыруға бағытталған.

Жобаның толық тетіктері мен оның нарыққа ықпалы туралы толығырақ Данияр Серіковтың материалында айтылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61