САЯСАТ

Тоқаев Кореяның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады

Сеулде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Корея Республикасының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткеріне II дәрежелі «Достық» ордені табысталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында бірқатар азаматқа II дәрежелі «Достық» ордені берілді.

Марапаттау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы байланыстарға тоқталып, екі елдің географиялық тұрғыдан алшақ орналасқанына қарамастан, мемлекеттерді өзара құрмет пен ортақ мүдде біріктіретінін атап өтті.

Президент Корея Республикасының экономикалық жетістіктеріне де жоғары баға берді. Оның айтуынша, елдің жаһандық экономикадағы бәсекелестік пен түрлі сын-қатерлерге қарамастан тұрақты дамуына халықтың еңбекқорлығы мен ірі кәсіпкерлердің үлесі зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы мен мемлекеттік органдардың Кореяға деген құрметі жоғары екенін айтты.

«Корея Республикасы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі», – деді Мемлекет басшысы.

Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықтың соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Қазақстан мен Корея бес жыл бұрын Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдаған.

Бүгінде екі мемлекет саяси, экономикалық және басқа да бағыттар бойынша өзара байланыстарды дамытып келеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61