Спорт

Месси – адам, «Барселона» ойыншылары – робот емес

Лео керемет ойыншы, бірақ ол да адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар Лигасының жартылай финалында Камп-Ноуда өткен алғашқы ойында «Барселона» клубы«Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңген болатын.

Сол ойында Лионель Месси дубль жасап, өзінің ерекше ойыншы екенін тағы бір дәлелдеді. Бір апта бойы Мессидің дарыны туралы мақтау сөздер толастаған жоқ.

«Месси – гений», «Месси – феноменалды ойыншы», «Мессиге алтын допты бермеу керек, ол бұл сыйдан жоғары» деген сөздер баспасөз беттерінен түскен жоқ.

Алайда, екі команда арасындағы қарымта ойын Лионель Мессидің де адам екенін тағы бір дәлелдеді. Оның да қателісіп, айы оңынан тумайтын күндері бар екенін көрсетті.

Мессидің«Ливерпульдің» төртінші голынан кейін жалғыз тұрған сәті

«Барселона» мәрттік танытты, қаншалықты өкінішті жеңіліс болса да, әлеуметтік желіде «Ливерпульді» жеңісімен құттықтады.

Сөз соңында айтқым келгені, істі болмай тұрып, болды деу, қателік. Істің ақырын күту керек. Адам болғасын қателік те, сүріну де болады. Әсіресе, спорт ойындарында. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Бұл заңдылық. 

Месси шынымен заманымыздың ерекше дарынды ойыншысы. Бірақ, оның да он екі мүшесі бар, адам екенін ұмытпауымыз қажет.