САЯСАТ

Үкіметте денсаулық сақтау, білім, туризм және спорт салаларын дамыту мәселелері талқыланды

Үкіметте денсаулық сақтау, білім, туризм және спорт салаларындағы Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды,  деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ukimet

Үкіметте әлеуметтік саланы дамытуға қатысты мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының денсаулық сақтау, оқу-ағарту, туризм және спорт салалары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз ведомстволарының атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Кездесуде әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселесіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, білім беру сапасын жақсарту, бұқаралық спортты кеңінен дамыту және туризмнің ел экономикасындағы рөлін күшейту бағыттары сөз болды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жағдайына кешенді талдау жүргізу қажеттігі айтылды. Нысандардың құрылысын белгіленген талаптарға сай аяқтап, оларды сапалы әрі уақытылы пайдалануға беру маңызды екені атап өтілді.

Жиын соңында жауапты мемлекеттік органдарға қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61