СПОРТ
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қазан айында Қытайда өтетін WTA 500 санатындағы Ningbo Open турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтетін WTA 500 санатындағы Ningbo Open турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Жарыс 19-25 қазан аралығында Нинбода ұйымдастырылады.
Қазақстандық спортшы аталған турнирдің қазіргі чемпионы саналады. Өткен жылы Рыбакина Ningbo Open финалында ресейлік Екатерина Александровадан басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанған еді.
Теннисші биыл да Нинбоға оралатынын айтып, жергілікті жанкүйерлермен қайта кездесуге қуанышты екенін жеткізді.
«Былтыр бұл турнирде жеңіске жеттім, сондықтан Нинбо туралы керемет естеліктерім бар. Биыл қайта оралып, қала мен жанкүйерлерінің қолдауын сезінуді асыға күтіп жүрмін», – деді Рыбакина қытайлық жанкүйерлерге арналған үндеуінде.
Ningbo Open турнирі Рыбакина үшін өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік береді. Жарысқа әлемнің үздік теннисшілерінің қатысуы күтіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61