ДАМУ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға сапары аясында Қостанайдағы университет пен Оңтүстік Кореяның Dong-Eui University университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ғылым және Білім министрлігі
Құжат Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің 14-отырысы барысында рәсімделді. Келісім екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, автомобиль инженериясы саласында мамандар даярлауға бағытталған.
Қазіргі уақытта екі университет автомобиль инженериясы бойынша мамандар даярлау бағытында бірлесіп жұмыс істеп келеді. Ынтымақтастық аясында Қостанай студенттеріне Оңтүстік Кореяда білім алып, тәжірибе жинауға мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен қатар студенттер Кореядағы KIA зауытында өндірістік практикадан өте алады. Бұл болашақ инженерлердің теориялық білімін нақты өндіріс жағдайында бекітіп, заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашады.
Жоба Қостанай өңірі үшін білікті инженерлер даярлаудың маңызды тетіктерінің біріне айналмақ. Мамандардың тәжірибесін арттыру өңірдегі автомобиль өндірісінің дамуына және жергілікті кәсіпорындарға қажетті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61