ДАМУ

ҚАТЗУ мен Чонбук ұлттық университеті ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен Корея арасындағы мемлекеттік сапар аясында С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ мен Чонбук ұлттық университеті студенттердің академиялық алмасуы бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

14 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммиті қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің делегациясы Чонбук ұлттық университетіне барды.

ҚАТЗУ делегациясын Басқарма төрағасы – Ректор Қанат Тіреуов бастап барды. Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы өзара байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Сапардың негізгі нәтижесі – студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы келісімге қол қою болды. Құжат екі университет білім алушыларына академиялық алмасу бағдарламаларына қатысып, білім беру және ғылыми жобаларға араласуға мүмкіндік береді.

Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын іске асыру, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейту және факультеттер арасындағы тікелей байланысты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Делегация Чонбук ұлттық университетінің заманауи инфрақұрылымымен, оның ішінде Орталық кітапхана, Хан Сын Вон кітапханасы, AI SPACE және Sky Lounge кеңістіктерімен танысты.

Қол қойылған келісім екі оқу орны арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтып, Қазақстан мен Корея арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61