ҚОҒАМ
Алматыда студенттермен Мемлекет басшысы айқындаған негізгі құндылықтар – адалдық пен жауапкершілік, заңды құрметтеу, отансүйгіштік, еңбекқорлық, білімге ұмтылу, бірлік, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және жасампаздық мәселелері талқыланды,деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Алматы әкімшілігі
Диалог QyzPU Студенттік құрылтайының «Адал ой. Жауапты әрекет. Ортақ мүдде» ұранымен өткен алғашқы отырысы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы мен студенттер қатысты. Негізгі тақырып – Президент белгілеген құндылықтарды жастардың күнделікті өмірінде іс жүзінде жүзеге асыру.
Қатысушылар «Адал азамат» қағидасын өз ісіне жауапкершілікпен қарау, оқу мен еңбекке адал болу, міндеттерді орындау және қоғамға пайда келтіруге дайын болу тұрғысынан талқылады. Ал «Заң және тәртіп» қағидаты аясында заңды, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және қоғам қауіпсіздігіне әр адамның қосатын үлесі сөз болды.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек құндылықтардың нақты әрекеттерге бағыт-бағдар болуы маңызды екенін атап өтті.
«Жауапты азамат қарапайым нәрселерден басталады: адал оқу және еңбек ету, заң мен айналадағы адамдарды құрметтеу, өз міндеттерін орындау және туған қаласына ұқыпты қарау. Мәселелерді біреудің шешуін күтпей, “Мен нақты не істей аламын?” деген сұрақ қою маңызды. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен жастарға өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеміз. Осылайша құндылықтардың сөзден нақты іске айналуына жағдай жасаймыз», – деді Азиз Кажденбек.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбітгүл Кәрімова да студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы маңызды екенін айтты.
Оның сөзінше, бүгінгі студент – болашақ маман ғана емес, елдің қоғамдық дамуына өз үлесін қосатын азамат. Осыған байланысты студенттердің пікірі мен ұсыныстарын тыңдау маңызды.
Кездесуде білім, еңбекқорлық, патриотизм және бірлік мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен нақты істерден көрінетінін атап өтті. Оған сапалы еңбек ету, үнемі даму, өз қаласына қамқорлық жасау және қоғамға пайдалы болуға ұмтылу жатады.
Бұл қағидаттардың нақты көрінісі ретінде Алматыдағы жастар жобалары аталды. Олардың қатарында YOUTH NOMADS, Jas Gala шығармашылық фестивалі, ALMA CUP 2026 спорттық турнирі, «Жасыл ел» және басқа да бастамалар бар.
Жастардың тікелей қатысу құралдарының бірі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы іске қосқан «Жастардың қатысу бюджеті». Бағдарлама аясында жастар білім, технология, экология, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларындағы жобаларын өздері ұсына алады. Ең қажетті бастамалар дауыс беру арқылы анықталады. Бір жобаға 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін қаржы бөлінсе, бағдарламаның жалпы бюджеті 90 млн теңгені құрайды.
Осы бағыттың жалғасы ретінде QyzPU Студенттік құрылтайы ұйымдастырылды. Бұл – студенттер өздерін толғандырған мәселелерді ашық талқылап, шешім ұсынып, идеяларын нақты жобаларға айналдыра алатын алаң.
Құндылықтың маңызы оның сөзбен емес, нақты іспен көрінуінде. Адал оқу мен еңбек ету, заңды құрметтеу, үнемі даму, жауапкершілік алу және қоғамға пайда келтіру – заманауи «Адал азамат» бейнесін қалыптастыратын негізгі ұстанымдар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61