ДАМУ

Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтеді

Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат екі елдің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Сербия астанасы Белградта қол қойылған.

Құжаттың негізгі мақсаты – екі мемлекет арасындағы әскери-техникалық байланыстарды жолға қойып, оны одан әрі дамыту. Келісімде қару-жарақ пен әскери техника жеткізу, оларды техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелері қамтылған.

Тараптар сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп жүргізуге ниетті. Бұдан бөлек, әскери технологияларды беру, әскери-техникалық көмек көрсету, сала мамандарын даярлау және оқыту бағыттарында ынтымақтастық орнату қарастырылған.

Келісім аясында Қазақстан мен Сербияның әскери инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін бірлесіп сынақтан өткізуге де мүмкіндік беріледі.

Заң жобасы қабылданған жағдайда екі ел арасындағы әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізі нығая түспек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61