Weekend

«Кімдерге ораза ұстауға болмайды?» Жандарбек Бекшин жауап берді

Ораза

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Рамазан айында кімдерге ораза ұстамауға болатынын айтты. Ол қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды.

"20 сағат бойы ас-сусыз жүру өте қиын. Сондықтан жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қариялар мен жеті жасқа толмаған балалар, әскери адамдарға ораза ұстамауына болады", - деді Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде Рамазан айына қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. Вирусты гепатит, созылмалы ішек аурулары, асқазан жарасы, гастриті бар адамдарға да ораза ұстамауына болады.

"Мұндай кезде азаматтар міндетті түрде дәрігерімен кеңесуі керек. Дәрігер рұқсат берсе, сонда ғана ораза ұстауға болады", - деді Бекшин.

Ол бір ай бойы ауыз бекітетін мұсылмандарға 8-10 стақан су ішуге кеңес берді.

"Неге десеңіз, су ішкен кезде, адам шөлдемейді. Сосын тәтті газдалған сусындарды бір ай бойы ұмыту керек. Тұздалған тағамдарды азайтқан жөн. Сонда ораза жеңіл өтеді", - деді бас санитарлық дәрігер.