ҚОҒАМ

Қазақстанда ҰҚШҰ-ның «Рубеж-2026» бірлескен оқу-жаттығуы басталды

Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қатысуымен «Рубеж-2026» бірлескен әскери оқу-жаттығуы басталды. Әскери қызметшілер шартты қарсыласқа қарсы операцияларды пысықтап жатыр,деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оқу-жаттығу «Көктал» оқу полигонында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында Орталық Азия өңіріндегі ҰҚШҰ Жедел орналастыру ұжымдық күштерінің ұлттық контингенттері белгіленген аумаққа орналасу және жауынгерлік міндеттерді орындау машықтарын жетілдіреді.

Әскери бөлімдер күндіз және түнде түрлі тактикалық сценарийлер бойынша жаттығуда. Оның ішінде шартты қарсыластың блокпостар мен елді мекендерге шабуылын тойтару, жарылғыш заттарды анықтау және залалсыздандыру, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орындарды табу және жою міндеттері бар.

Оқу-жаттығу кезінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылып жатыр. Әскери қызметшілер дрондарға қарсы қорғаныс тәсілдерін пысықтап, мобильді атыс топтарының әрекеттеріне, радиоэлектрондық күрес пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелеріне назар аударуда.

Шағын шабуылдау топтары тактикалық тапсырмаларды орындау барысында мотоциклдер, квадроциклдер және «Улан-1», «Улан-2» тактикалық вездеходтарын пайдаланады.

ҰҚШҰ мәліметінше, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің бірлескен іс-қимылын жетілдіру және түрлі тактикалық жағдайларда тапсырмаларды орындау қабілетін арттыру.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61