ҚОҒАМ
Батыс Қазақстан облысында өртпен күресу кезінде төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері көз жұмды. Миршат Халиуллин Тасқала ауылдық округіндегі өртті сөндіруге жұмылдырылған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы жағдай өртті сөндіру жұмыстары барысында болған. Марқұм өрт сөндіру бөлімінде взвод командирі қызметін атқарған.
Миршат Халиуллиннің әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, өрт орнында жұмыс істеп жатқан кезде құтқарушыны әріптесі басқарған қызметтік көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі қою түтіннің салдарынан оны дер кезінде көрмегенін түсіндірген.
Соққыдан кейін құтқарушы ауыр жарақат алған. Алайда дәрігерлерге жеткізу кезінде оның жағдайы күрт нашарлап, ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
Марқұм отбасының негізгі асыраушысы болған. Артында әкесі, інісі және қарындасы қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Миршат Халиуллиннің қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болғанын растады. Министрлік тарапынан марқұмның жақындарына қажетті көмек көрсетіліп жатқаны хабарланды.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61