БІЛІМ

Ақмола ауылдарындағы мектептерде оқушы саны азайып жатыр

Ақмола облысында оқушылар санының төмендеуіне байланысты ауыл мектептерінің желісі өзгеріп жатыр. Биыл бес мектеп жабылып, тағы бес білім беру ұйымы басқа деңгейге ауыстырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Ақмола облысында ауыл мектептерінің басым бөлігі шағын жинақты білім беру ұйымдарына жатады. Бүгінде өңірдегі 429 ауыл мектебінің 328-і осы санатта.

Мектептердегі бала санының азаюы білім беру ұйымдарының нормативтік талаптарға сәйкестігіне әсер етіп отыр. Қазіргі таңда 154 шағын жинақты мектеп белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Ауылдық елді мекендердегі мектептер үшін оқушы санына қатысты нақты талаптар бар. Бастауыш мектепте кемінде 5, негізгі орта мектепте 41, ал жалпы орта мектепте 81 оқушы болуы тиіс.

Дегенмен оқушы саны аз мектептердің барлығы бірдей жабылып жатқан жоқ. Кейбір білім беру ұйымдары елді мекендегі жағдайды ескере отырып жұмысын жалғастыруда.

Мысалы, Жарқайың ауданындағы Үшқорасу ауылындағы мектепте 15 оқушы, ал Зеренді ауданындағы Баратай ауылында 19 оқушы бар.

Биыл оқушысы тым аз бес мектептің жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар тағы бес білім беру ұйымының мәртебесі өзгертілді. Кейбір мектептер жалпы орта білім беру деңгейінен негізгі орта немесе бастауыш мектепке қайта ұйымдастырылды.

Ауыл мектептеріндегі сыныптар да оқушы санына қарай біріктірілуі мүмкін. Қолданыстағы тәртіп бойынша жас айырмашылығы бір-екі жылдан аспайтын екі-үш сыныпты бір сынып-комплектіге біріктіріп оқытуға рұқсат етіледі.

Бұл мәселе Зеренді ауданында ерекше байқалады. Мұнда 52 мектептің 44-і шағын жинақты мектеп болса, олардың 22-сі белгіленген нормативке сәйкес келмейді. Бір оқу жылында аудандағы шағын жинақты мектептердегі оқушылар саны 115 балаға қысқарған.

Білім басқармасы мектептердегі сыныптардың құрамы оқушылардың нақты саны мен қолданыстағы талаптарға сәйкес қалыптастырылатынын мәлімдеді.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61