СПОРТ
Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дағы алғашқы сырт алаңдағы кездесуінде Тольяттидің «Лада» командасын 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: hcbarys.kz
Тольяттидегі матчта «Барыс» ойынның алғашқы минуттарынан-ақ белсенділік танытты. Астаналық хоккейшілер қарсылас қақпасына бірнеше рет қауіп төндіргенімен, есепті бірден аша алмады.
Алғашқы шайба бірінші кезеңнің соңына қарай соғылды. 18-минутта Джейк Масси қарсы шабуылды сәтті аяқтап, қонақтарды алға шығарды.
Екінші кезеңнің басталғанына көп уақыт өтпей Джастин Бэйли есеп айырмасын арттырды. Ол айдынның жоғарғы бөлігінен қуатты соққы жасап, «Ладаның» қақпашысын қапы қалдырды.
Кездесудің екінші кезеңі аяқталуға 46 секунд қалғанда Семён Симонов есепті 3:0-ге жеткізді. Ол шабуылға дер кезінде қосылып, қақпаға дәл соққы бағыттады.
Үшінші кезеңде «Барыс» тағы үш шайба соқты. Алдымен Иэн Маккошен мергендік танытса, кейін Джастин Бэйли өзінің екінші голын енгізді. 55-минутта Тайс Томпсон сан басымдығын пайдаланып, алтыншы шайбаны соқты.
Джастин Бэйли матчта екі гол соғып, командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. Ол жаңа маусымдағы нәтижелі ойындарын жалғастырып, «Барыстың» сапында әр кездесуде ұпай жинап келеді.
Қақпада Хантер Шепард та сенімді өнер көрсетті. Ол өзіне бағытталған жеті соққының барлығын қайтарып, ҚХЛ-дағы алғашқы «шатаутын» тіркеді.
«Лада» – «Барыс» кездесуі 0:6 есебімен аяқталды. Астаналық клубтың келесі матчы 18 қыркүйекте Магнитогорскіде «Металлургке» қарсы өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61