ҚОҒАМ

Алматыда 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды

Алматыда жаңа талаптарды бұзған кикшеринг компанияларына тиесілі 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Полиция мәліметінше, 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енген. Қазір қалада осы нормалардың сақталуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық тұрғыдан жарамды болуын және әр көлікте сәйкестендіру нөмірінің болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар компаниялар кәмелетке толмағандардың электросамокат пайдалануына жол бермеуі тиіс.

Жаңа талап бойынша электросамокатты кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар азамат пайдалана алады. Полиция өкілдері самокаттардың жол қозғалысына қатысатын көлік құралы ретінде қауіпсіздік талаптарына сай қолданылуы маңызды екенін атап өтті.

Қазір Алматыда кикшеринг қызметтерінің жұмысы мен электросамокаттардың талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Тәртіп бұзған жағдайда самокаттар айып тұрағына қойылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61