ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: "Әділет" партиясы
Балаларға қатысты мәселелер ешқашан бір ғана саламен шектелмейді. Баланың қауіпсіздігі отбасындағы жағдаймен, әлеуметтік қолдау қажеттілігі тұрмыстық қиындықтармен, ал құқықтарын қорғау бірден бірнеше маманның қатысуын талап етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар өз мәселесін тікелей айтып, тиісті мамандардан нақты жауап ала алатын ашық алаңдардың маңызы зор.
Осындай форматтағы кездесу Алматы қалалық «Әділет» партиясы филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мұнда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, отбасыларға көмек ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында мамандарға тікелей жүгінді.
Қабылдауға партияның Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Көбеева, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева, басқарманың бас маманы Ботагөз Қожабаева, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Ақмолжан Зарипов, сондай-ақ Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанна Шонжанова қатысты.