ДАМУ

Қазақстан АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға дайындалып жатыр

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу бағытындағы дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. 21–25 қыркүйек аралығында америкалық авиация мамандары еліміздің ұшу қауіпсіздігі жүйесіне бағалау жүргізеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: iStock

Қазақстан АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын орнату жолындағы маңызды кезеңге жетті. Осыған байланысты 21–25 қыркүйек күндері АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі жүйесін тексереді.

Бағалау барысында елдегі азаматтық авиация саласының халықаралық талаптарға сәйкестігі қарастырылады. Сарапшылардың қорытындысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті келесі қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.

Тікелей рейстерді ашуға қажетті жағдайларды қалыптастыру жұмыстары соңғы екі жыл бойы жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Қазақстанның Көлік министрлігі, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі және еліміздің АҚШ-тағы елшілігі қатысып отыр.

Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы жолаушылар тасымалын жеңілдетіп, екі ел арасындағы көлік байланысын дамытуға мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61