ДАМУ
Алматы мен Астана Oxford Economics әзірлеген Global Cities Index 2026 рейтингінде әлемнің 1000 қаласы арасынан үздік 300-дікке кірді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Жасанды интеллект
Oxford Economics жариялаған Global Cities Index 2026 рейтингі әлемдегі 1000 ірі қаланың экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерін салыстырады. Қалалар экономика, адами капитал, өмір сапасы, қоршаған орта және басқару сияқты бес бағыт бойынша бағаланған.
Жалпы рейтингте Алматы 265-орын, ал Астана 281-орын алды.
Қазақстандық қалалар адами капитал көрсеткіші бойынша бұдан да жоғары нәтиже көрсетті. Алматы бұл санатта 66-орынға, Астана 98-орынға орналасты. Аталған көрсеткіш қала тұрғындарының білімі, біліктілігі және еңбек нарығындағы әлеуетін бағалайды.
Экономикалық көрсеткіш бойынша Астана 264-орын, Алматы 288-орын алды.
Рейтингтің алғашқы үштігін Нью-Йорк, Лондон және Париж құрады. Бұл үш қала өткен жылдағы позицияларын сақтап қалды.
Алматы мен Астана жалпы рейтингте әлемнің үздік 300 қаласының қатарына еніп, адами капитал бағыты бойынша үздік 100 қаланың қатарынан көрінді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61