БІЛІМ
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген республикалық «Оқитын ұлт» марафонына қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Instagram желісі
«Оқитын ұлт» марафоны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және қоғамның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Димаш Құдайберген марафонның «Парасат» санатына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Әнші жуырда оқыған кітаптарының бірі ретінде қазақстандық суретші, антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Қолсыз өмір» атты өмірбаяндық шығармасын атады.
Өнер иесі кітап оқу арқылы жаңа білім алып, оқыған шығармалардан тағылым алудың маңызын атап өтті.
«Оқитын ұлт» марафонының оқырмандарды жаңа кітаптармен танысып, алған әсері мен ойларын өзгелермен бөлісуге ынталандыратынын жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61