ДЕНСАУЛЫҚ
Қазақстанда мемлекеттік деңгейде көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыру көлемі артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, елде сатып алынатын медициналық көмектің шамамен 67%-ы мемлекет есебінен қаржыландырылады. Биыл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) 1,6 трлн теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 1,7 трлн теңге қарастырылған.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін азаматтардың саны да артқан. 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн адам болса, 2026 жылы 3,4 млн адамға жетті.
Үкімет отырысында балаларды медициналық құралдармен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған балаларға заманауи есту аппараттарын беру мәселесіне назар аударылды.
Қазіргі таңда диспансерлік есепте есту қабілеті бұзылған 6 008 бала тұр. Осыған байланысты Премьер-министр заманауи отандық есту аппараттарын өндіру бойынша арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Жаңа бастама отандық өндірісті дамытуға және есту қабілеті бұзылған балаларды қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуге бағытталмақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61