ҚОҒАМ

Рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам көлік жолаушылар тасымалынан шығарылды

Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейту мақсатында inDrive платформасынан рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам көлік алынып тасталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Avto Experts

Бұл туралы Үкімет отырысында inDrive Kazakhstan компаниясының бас директоры Арай Бекембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай көліктерді жолаушылар тасымалы үшін пайдалануға заңмен тыйым салынған.

Сонымен қатар жүргізушілердің жолдағы тәртібін бақылау үшін фотобақылау жүйесі қолданылып, 2GIS интеграциясы арқылы жылдамдық пен шаршауды бақылау тетігі енгізілді.

Наурыз айынан бері Safety Hub қауіпсіздік орталығы жұмыс істейді. Оның операторлары жылдамдықты арттырған немесе ұзақ уақыт көлік жүргізген жүргізушілерге хабарласады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жылдамдықты арттыру фактілерінің үлесі 42%-ға төмендеген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61