ДАМУ
Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы әріптестіктің құқықтық негізін айқындайтын келісімді мақұлдады. Құжат екі оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Asian Infrastructure Investment Bank (AIIB)
Келісімге сәйкес, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қаржыландыратын жобалар бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте жемқорлыққа қарсы шаралар, қаржыны басқару, бақылау, сатып алу рәсімдері және ақпаратты ашу тәртібі ескеріледі.
Сонымен қатар жобаларды іске асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік стандарттардың сақталуына басымдық беріледі.
Жаңа негіздемелік келісім Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын болашақ жобаларға ортақ құқықтық тәртіп қалыптастырады. Соның арқасында әр жоба үшін талаптарды қайта белгілеу қажеттілігі азайып, қаржыландыру үдерісін жүйелеуге мүмкіндік туады.
Құжаттың басты мақсаты – инфрақұрылым саласына инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейту, қаржыландыру бағыттарын нақтылау және жобаларды жүзеге асыру рәсімдерін жеңілдету.
Келісімнің ратификациялануы көлік, энергетика, цифрлық инфрақұрылым және басқа да маңызды салалардағы жобаларды қаржыландыруға халықаралық инвестиция тартуға жол ашады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61