ДАМУ

Қазақстанда мемлекеттік мүлікке цифрлық паспорт енгізіледі

Қазақстандағы мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіру үшін цифрлық паспорт енгізу жоспарланып отыр. Жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін цифрландыру жұмыстары күшейтіледі. Жоспарға сәйкес, әрбір мемлекеттік мүлік нысанына жеке цифрлық паспорт жасалып, ол туралы негізгі мәліметтер бірыңғай жүйеге енгізіледі.

Цифрлық паспортта нысанның орналасқан жері, техникалық жағдайы, пайдаланылуы және өмірлік циклі туралы ақпарат көрсетіледі. Сонымен қатар нысанның фотосуреттері мен географиялық координаттары да цифрлық профильге енгізіледі.

Жүйені іске асырудың негізгі алаңы ретінде e-Qazyna платформасы қарастырылып отыр. Бұл мемлекеттік мүлік туралы ақпаратты бір жерден жинақтап, оны басқару мен мониторинг жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Болашақта цифрлық паспорт жүйесіне ғарыштық мониторинг деректерін де қосу жоспарланған. Бұл мемлекеттік нысандардың нақты жағдайын бақылауға және олардың пайдаланылуы туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік бермек.

Жоба толық іске қосылған жағдайда мемлекеттік мүлік жөніндегі ақпаратты жинау, жаңарту және бақылау процестері цифрлық форматқа көшіріледі.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61