ҚОҒАМ
Астанада 22 қыркүйек күні әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық деррекөз
Оқиға 22 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де болған. Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер ер адамның әйелге пышақ жарақатын салғанын анықтады. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.
Күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желілерде марқұмның бұрынғы күйеуі тарапынан өлтірілгені, сондай-ақ әйелдің есімі Жазира екені және оның екі баласы қалғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтер полицияның ресми хабарламасында расталмаған.
Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде тараған күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61