МӘДЕНИЕТ
Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр. Паркта ашық аспан астындағы кинопоказдар мен мәдени шаралар өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда «Қазақфильм» аумағында жаңа кинематографиялық саябақтың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Жоба отандық кинематография тарихын заманауи қалалық ортамен ұштастыруды көздейді.
Жоспарға сәйкес, саябақ аумағында қазақ киносының әр кезеңін таныстыратын тақырыптық аймақтар құрылады. Кеңістік заманауи сәулеттік және интерактивті шешімдермен толықтырылмақ.
Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған аллеялар, мультимедиялық және интерактивті инсталляциялар, демалыс орындары мен балаларға арналған кеңістік қарастырылған. Сондай-ақ ашық аспан астында фильмдер көрсетуге арналған амфитеатр салу жоспарланған.
Саябақта қазақстандық киноның тарихы визуалды элементтермен ғана емес, заманауи цифрлық форматтар арқылы да таныстырылмақ. Келушілер отандық кинематографияның қалыптасуы, маңызды туындылары мен мәдени мұрасы туралы ақпарат ала алады.
Жаңа кеңістік мәдени іс-шаралар өткізуге де бағытталмақ. Мұнда ашық аспан астындағы кинопоказдар, тақырыптық кездесулер және басқа да мәдени шараларды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Жоба жүзеге асқан жағдайда, «Қазақфильм» кинематографиялық саябағы Алматыдағы кино тарихы мен заманауи қоғамдық кеңістікті біріктіретін жаңа мәдени орындардың біріне айналуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61