ҚОҒАМ

Каспийдегі қайғылы оқиға: 25 қыркүйек Қазақстанда аза тұту күні

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілер теңізге кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты. Үш адам құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаза болған әскери қызметшілердің тізімі:

 1.⁠ ⁠Аға лейтенант Мұқтарұлы Олжас
 2.⁠ ⁠Матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы
 3.⁠ ⁠Матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы
 4.⁠ ⁠Матрос Көбенов Алмас Жүсіпұлы
 5.⁠ ⁠Матрос Төлеген Ақылбек Қабденұлы
 6.⁠ ⁠Матрос Темірғалиев Жеңіс Тлеушұлы
 7.⁠ ⁠Матрос Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы
 8.⁠ ⁠Матрос Жаңабай Әсет Саматұлы
 9.⁠ ⁠Матрос Мәдіхан Азамат Болатбекұлы
10.⁠ ⁠Матрос Бегей Дастан Нұрболұлы
11.⁠ ⁠Матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы
12.⁠ ⁠Матрос Диханбаев Олжас Тажібайұлы

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшілерді теңізге ауа райының күрт нашарлауы мен желдің күшеюі алып кеткен.

Оқиғаға байланысты тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61